Ақан Рахметуллин ҚР СІМ бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ақан Рахметуллин ҚР СІМ бірінші орынбасары болып тағайындалды
Inform.kz

Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.