Қазақстанның Қытайдағы және Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Қытайдағы және Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.