AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы медицина қызметкерлерімен кездесті

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Шымкеттің медицина қызметкерлері мен қала белсенділерімен кездесті.

Жиынға қатысушылар талап-тілектерін айтып, өтініштерін жеткізді. Жиында Ұлт денсаулығы AMANAT-тың басты басымдықтарының бірі екені айтылды.

Асхат Оралов  AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

 - 800 мыңға жуық партия мүшесі болса, мұның 75 мыңға жуығы партияласымыз осы медицина саласының қызметкерлері. Енді 10 пайызды құрайды ғой. Сондықтан өте маңызды бізге. Біз өте мұқият қарап, өзіміздің тарапымыздан медицина саласының қызметкерлерін, дәрігерлерді қолдауға тырысамыз.