Абай қаласында қала әкімін тұңғыш рет халық сайлайды

Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының әкімін тұңғыш рет халық сайлайды. Сайлау алдағы жексенбіде өтеді. Қала әкімі болуға төрт кандидат үмітті. Арасында қазіргі басшы да бар. Қала тұрғындарының саяси науқанға қатысты пікірі.

Абай қаласында дауыс беруге құқылы 19 мыңнан астам адам бар. Жалпы аудан тұрғындарының тең жартысы осы қалада шоғырланған. Сайлауға деген халықтың пікірі де әртүрлі.

Блиц:

- 10 сәуір күні қала әкімінің сайлауы болады, естідіңіз бе?

– Ия, білемін, кандидаттардың бағдарламасымен таныстыңыз ба?

– Жоқ, танысқан жоқпын. Дауыс беруге келесіз бе?

– Дауыс беруге келеміз!

- Жалпы қала әкімдерін халықтың өзі сайлаған дұрыс па?

– Дұрыс, дұрыс. Ең болмаса порядок болады, қарап жүреді. Қазір жастарды көтеру керек.

– Я думаю, нужно. Мы должны наверное принимать участие. Это наш город. Мы должны знать кто будет наш аким.

Ал қала тұрғындары кімге дауыс берерін ойланып жүрген шақта сайлау комиссиясы өкілдері учаскелерді жасақтап жатыр. Жексенбі күні саяси науқан өтетін 19 учаске жұмыс істейді.

Айнұр Қонысбаева, №418 сайлау учаскесінің хатшысы:

- Айнұр айтып өтсеңіз, қаладағы ең үлкен учаскеде дайындық қалай жүріп жатыр?

- Дайындық былай, біріншіден мында мүгедектерге арналған бұрышымыз бар, кісілер келіп дауыс беретін 3 кабинкамыз бар. Мында тақта, бұрышымыз бар, бүкіл ақпарат, заңнама бар, үміткерлеріміз де тұр. 

Қазіргі күні мұнда бюллетеньдер жеткізілген. Олар полиция бақылауында. Ал, кандидаттар әлеуметтік желі мен қалалық  газет арқылы үгіт-насихат жүргізіп жатыр. 9 сәуір заң бойынша тыныштық күні болып есептеледі. 

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Атап өткен жөн, бұл жерде екі кандидат өзін-өзі ұсынушы, бір кандидат «Аманат» партиясынан, және тағы бірі «ҚХП» атынан өзін-өзі ұсынып отыр.

Сонымен қатар 10 сәуір күні Абай ауданы бойынша ауыл әкімдері де сайлауға түседі. Бұл жолы Есенгелді және Құрма ауылдық округтеріне жаңа басшы сайланады. Ал, Қарағанды облысы бойынша 12 әкім сайлануы тиіс. Себебі олардың да мандаттық мерзімінің аяқталуына аз қалған.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев