Қ.Тоқаев: Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді

Қ.Тоқаев: Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстан билігі өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптада америкалық National Interest журналында жарық көрген мақаласында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді.» – деп жазды. «Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын шекарасы бар елдер ретінде ерекше қарым-қатынас жасап келеді. Бұған қоса Украинамен де жақын достық қарым-қатынас бар. Біз әлемнің басым бөлігіндегі елдер сияқты Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаймыз», – деді Тоқаев. Сонымен қатар ол екі ел арасында болып жатқан қақтығыс Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сай тез әрі әділ тұрғыда реттеледі деп сенім білдірді.