Үкімет басшысы СҚО-дағы апат болған жылу электр орталығына барды

primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр ең алдымен жақында ғана ашылған электротехникалық зауытқа барып, өндіріс барысын көріп шықты. Кәсіпорын жылына 13 мың трансформатор шығарады. Бұдан кейін Үкімет жетекшісі көктемгі дала жұмыстарымен танысып, диқандарға еңбек өнімділігін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Әлихан Смайылов наурыз айында апат болған жылу электр орталығына соғып, жұмыс жоспарын сұрап білді. Қазіргі таңда кәсіпорынның 6 қазандығын жөндеуге 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ал құлаған мұржаға сараптама жасалып жатыр.    

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытында аяқталуы керек. Жылу электр орталығы іркіліксіз жұмыс істеуі тиіс. Бірінші мұржаны қалпына келтіру барысы да назардан тыс қалмасын. Бұл ретте мемлекеттік сараптамадан өтуді тездетуді тапсырамын.