Әскерилер Ақордаға неге барады?

Мамырдың басы – мереке. Бірлік, сосын Отан қорғаушылар күні. Артынша Жеңіс күні. Сол үш мерекенің екеуін атап өту Ақордадан басталды. «Ел үшін күрес - ерге тиген үлес» деген. Бұл күні «Отаным оттан да ыстық» деген арда азаматтарымыздың мерейі өседі. Ерлігі үшін лайықты бағасын алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары әскери және арнаулы атақ пен шен, орден, медаль алу үшін Ақордаға 70 шақты адам жиылды. 3 батырымызға «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков бір өзі майдан даласында 397 жаудың көзін жойған. Бұл ерлік тиісті құжаттармен – дәлелденген . Қазақтың қаһарман ұлы қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Бірақ, ерлігі ескерусіз қалды. Бүгін тарихи әділдік орнады.

Ұрыс даласында капитан Александр Несмиянов та ерекше ерлік көрсеткен. Ол бораған оққа қарамастан, орда бекінген бүкіл батальонды өзімен бірге шабуылға көтерді. Қарсылас қорғанысын бірінші болып бұзған Несмиянов жаудың 20 жауынгерімен жалғыз алысып, 13-інің көзін жойған. Қалғанын бас сауғалауға мәжбүр етті. Кезекті ұрыста ол жау шебінің тылына өтіп, басты қауіпті өзіне бұрды, сөйтіп жаудың қорғаныс шебін серіктерінің бұзып өтуіне мүмкіндік жасады. Александр Несмиянов үш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ, әркез оған әділетсіздік жасалып, елеусіз қалды. Бүгін лайықты бағасын алды. «Халық қаһарманы» атанған үшінші батырымыз –  Ыбырайым Сүлейменов.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жерлесіміз Ыбырайым Сүлейменов те құралайды көзге атқан нағыз мерген болған. Ол бір жылдың ішінде 289 жау әскерін жойды. Бұл ерлік те тарихи деректерде көрсетілген. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова екеуі соңғы демі қалғанша жаумен арпалысып, қаза тапты. Батыр атағына екеуі қатар ұсынылғанымен, Ыбырайым Сүлейменовтің ерлігі жоғары деңгейде бағаланбады.

Айткүл Сүлейменова, Халық қаһарманы, Ыбырайым Сүлейменовтің қарындасы:

Екінші Дүниежүзілік соғыста 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанған екен. Бірақ көп майдангеріміздің ерлігі түрлі себептермен елеусіз қалған. Енді олқылықтың орны толады. Ерлердің есімі ұлықталады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз ерлеріміздің есімін жаңғыртып, оларды ұлықтай беретін боламыз. Өйткені, ерлік ешқашан ескірмейді.

Салтанатты шарада әскерилер мен құқық қорғаушылар және ұлттық қауіпсіздікке жауапты азаматтар да марапатқа бөленді. Ерлігімен көзге түскендер Президент қолынан орден, медаль алса, бірқатарының шені өсті. 

Авторлары: Ерлік Сұрағанов,  Қостанай облысы Полиция департаментінің кинологы:

– Есірткі заттарды іздеумен айналысамыз оқытылған иттермен, жарылғыш заттарды оқ -дәрілерді іздеумен айналысамыз. Күнделікті жұмыста жүргенде әртүрлі жағдайлар болады. Оны ерлік деп санамаймыз. Сол үшін ант бергенбіз.  Сондықтан біз үшін тек жұмыс.

Қазір геосаяси жағдай мәз емес. Дүниеде қауіп-қатер күн санап күшейіп барады. Президент «елдің егемендігі мен жердің тұтастығын сақтауға дайын болуымыз керек» деді. Сондықтан Қорғаныс әлеуетін нығайтуға басымдық берілмек.

Авторлары: Қорған Қонысбайлы, Жандос Битабаров, Алмас Омарғалиев