Президент салтанатты жиынға қатысты

Президент салтанатты жиынға қатысты

Ел Президенті Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Президент егемендік  алған кезде әскери әлеуеті мықты армия жасақтауға баса мән бергенімізді, отаншыл әрі кәсіби мамандардың арқасында бұл міндет ойдағыдай атқарылғанын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті сардарлар мен сарбаздар, қадірлі ардагерлер баршағызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын. Осыдан отыз жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Бұл мемлекеттігімізді нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Біз егемендік алған кезде әскери әлеуеті мықты армия жасақтауға баса мән бергенімізді, отаншыл әрі кәсіби мамандардың арқасында бұл міндет ойдағыдай атқардық. Қорғаныс саласындағы  негізгі мәселелер дер кезінде шешімін тапты.