Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді. 

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды. 

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Бұл туралы БОРТ№1 телеграм каналы хабарлады.