Қ.Тоқаев БАӘ-нің тақ мұрагеріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Шейх Халифа Әмірліктердің дамуы мен халқының игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет етті. Қазақстан халқы шейх Халифа Әл Наһаянды екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға сүбелі еңбек сіңірген тұлға ретінде есте сақтайды. Марқұмның иманы саламат болсын», – деп жазды Twitter-дегі парақшасында.