Референдум – ауқымды реформаның бастамасы

Референдум – ауқымды реформаның бастамасы

Конституциялық реформаның нәтижесінде мемлекетті басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі ата заңның 33 бабына өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Бүгін Талдықорғандағы аккумулятор зауытының жұмысшыларымен кездескен «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай деді. Ол мемлекет басшысы ұсынып отырған референдум ауқымды реформаның бастамасы екенін атап өтті. Және биліктің барлық тармағын қамтып, қоғамда әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ететініне тоқталды. Бұл өз кезегінде өнеркәсіп саласының өркендеуіне сол арқылы қарапайым жұмысшылардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етеді, дейді Азат Перуашев.

Азат Перуаешев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

– Біз ашық бәсекелестікке жол ашып отырмыз. Ал ашық бәсекелестік ол тек саясат қана емес, экономикаға да әсер етеді. Егер экономикада да ашық бәсекелестік басталса, біз монополияларды сындырамыз. Шағын және орта бизнеске, жаппай кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп, талай адамды жұмыспен қамтып, шынын айтсақ кедейшілікпен күреске жаңа серпін беруіміз мүмкін.