Конституциялық референдум ел тарихындағы елеулі оқиға болмақ

Конституциялық референдум ел тарихындағы елеулі оқиға болмақ

Жаңа Қазақстанды үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жалпы саяси өзгеріс бүгінгі қажеттіліктерден туындаған жалпыхалықтық қадам, дейді Мәжіліс депутаттары.

Бір топ мәжілісмен Қарағанды мемлекеттік университетіне барды. Кездесуде конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтылды. Ата заңның 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Конституциялық реформа бұл Президенттің кешенді саяси реформасының нәтижелі жүзеге асуы үшін аса маңызды. Біз тек ғана халыққа түсіндіру жұмысын жүргізіп ғана қоймаймыз. Оны конституцияны өзгертуде халықтың қандай тілек-талабы бар, соны парламентке барғаннан кейін жеткізетін боламыз.