Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті

Қырғызстан Президентінің «Ала-Арча» резиденциясы аумағындағы «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.