KIOSH конференциясында еңбекті қорғау мәселелері талқыланды

Елордада "KIOSH" 10-қазақстандық халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Жиында "Жаңа Қазақстан" жағдайында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті трансформациялау мәселелері талқыланды.

Шараға премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты. Конференция шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге 40-қа жуық компания өз өнімін ұсынды. Стратегиялық сессия соңында Вижн Зироу тұжырымдамасының Жаһандық елшісі Ханс-Хорст Конколевски, Еңбек министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов және "Самұрық-Қазына" өкілі Ғибрат Ауғанов нольдік жарақаттану концепциясын ілгерілету бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Денсаулыққа бағытталған бағдарлама 2023 жылдан бастап жұмыс істейтін болады. Ол жердегі негізгі мақсат сол азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты қабылданған нақты шараларды болашақта көруіңізге болады. Соны болашақта енгізетін болсақ, 300 млрд теңге деңгейінде үкіметте экономия жасауға болады. Ол жайдан жай айтылып жатқан әңгіме емес. Көптеген халықаралық деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен талқыланып, сондай программаны бүгін қабылдап жатыр. Соны бірге атсалысып қарауға да мен дайынмын.