Референдум туралы түсіндіру жұмыстары БАҚ-та кеңінен қамтылды

Алдағы референдум туралы түсіндіру жұмыстары БАҚ-та кеңінен қамтылды.

Тұрғындарға смс-хабарламалар жіберіліп, республикалық арналарда арнайы бағдарламалар жарық көрді. Әлеуметтік желілерде де кең көлемде ақпарат беріліп жатыр. 500-ге жуық республикалық және өңірлік БАҚ-қа мониторинг жасалды. Күні бүгінге дейін заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров атқарылған шаруаларды тілге тиек етті. Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңеске бірқатар министрлік өкілдері қатысты.

Асқар Умаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Министрлік Орталық сайлау комиссиясымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтарды алдағы референдумда өздерінің сайлау құқығын іске асыруға және дауыс беруге шақыру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде.

БАҚ-тың барлық түрлерінде ұсынылатын түзетулер кеңінен түсіндіріледі. БАҚ беттерінде референдумға арналған арнайы айдарлар мен хэштегтер ашылды. Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні түсінікті тілде түсіндірілетін көрнекі жадынамаларды, графикалық өнімдерді шығару және көбейту қамтамасыз етілді.