Қ.Тоқаев Бішкекте Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашты

Қасым-Жомарт Тоқаев бір күндік ресми сапарын Қазақ Ұлттық университетінің Бішкектегі филиалын ашумен қорытындылады.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекет басшыларына университет аудиторияларын көрсетіп, оқу бағдарламасы туралы айтты.

Ректордың айтуынша, қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары бар. Университетті аралап көру барысында президенттер Қазақ ұлттық университетін Алматыда тәмамдаған қырғызстандық түлектермен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңбасын қалдырды.