Әлеуметтік өзгеріс енгізу үшін Конституцияны реформалау қажет

Әлеуметтік өзгеріс енгізу үшін Конституцияны реформалау қажет

Әлеуметтік өзгерістер енгізу үшін Конституцияны реформалау қажет.

Бүгін Мемлекет тарихы институты ұйымдастырған семинардың қатысушылары осындай пікір білдірді. Келешекте Ата заңымыз тағы өзгеріске ұшыраса, таңқалудың қажеті жоқ. Ол заман талабы, деді Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл. Айтуынша, соңғы кезде азаматтардан Конституцияға реформа енгізу бойынша көптеген ұсыныс түсіп жатыр.

Еркін Әбіл, Мемлекет тарихы институтының директоры:

- Негізінде менің ойымша әрбір саяси қадамның салдарын есептеу керек. Соны болжамдау керек. Сондықтан қалай сынаса да дәл осы өзгерістер жеткілікті. Біздің саяси жүйе әрі қарай дамып, ел дамуына негіз қалайтын өзгерістер бұл.