Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады

Алматыға жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнаулы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі ұйым миссиясының басшысын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дебора Лайонспен кездесуде ауған еліндегі дағдарысты тұрақтандыру, гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланды. Мемлекет басшысы «терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ауған студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыру бойынша халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға бейілдіміз»,- деді.