ЕҚЫҰ басшысы еліміздегі саяси реформаларға жоғары баға берді

Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен аталмыш ұйымының қазіргі төрағасы әрі Польша Республикасының сыртқы істер министрі Збигнев Рау кездескен болатын, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәртебелі мейман Қазақстан Президенті Конституциялық реформаларын іске асыру нәтижесінде Парламенттің рөлі күшейетінін атап өтті. Бұған қоса, өткен ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға жер аударылған ондаған мың поляктарға қолдау көрсетіп, пана болғаны үшін қазақ халқына алғысын айтты. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өзара іс-әрекетінің, Қазақстан – Польша екіжақты қатынастарының, соның ішінде екі ел парламенттері арасындағы байланыстың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.