Республикалық референдумға Түркиядан байқаушылар келеді

Республикалық референдумға Түркиядан байқаушылар келеді

Республикалық референдумға шетелдік байқаушылар да қатысады. Елімізге Түркияның Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая бастаған бір топ делегация келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аккаяның сөзінше, референдум – өте маңызды саяси науқан. Халық өз таңдауын жасайтын үлкен мүмкіндік.

Мухаррем Аккая, Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы:

- 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін референдумға байқаушы ретінде қатысамыз.  Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Түркістан қаласында боламыз. Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Референдум – өте маңызды саяси науқан. Халықтың таңдауын білдіретін демократия құралы. Қазақстанның одан әрі дамуына елеулі үлес қосуына тілектеспін