Прокурор: Референдумды насихаттауға болмайды   

Бүгін түнде елде референдумды насихаттауға тыйым салынады. Бас прокуратура өкілдері «тыныштық» күні үгіт-насихат жүргізуге болмайтынын ескертіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер осы талапты бұзғандар анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады деді. Прокурорлар әлеуметтік желілерді жіті тексереміз деп кесіп айтты.

Болат Дембаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

– Бүгін түнде референдум алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмыстары аяқталады. Ертең, сосын 5 маусым күні қандай да бір дәріптеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Жұрттан сауалнама жинауға да рұқсат етілмейді. Ондай жайттар тіркелсе, әлгі адамдар әкімшілік кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Сайлау учаскелерінің барлығы тас-түйін дайын. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы журналистерге арналған брифингте осылай деді. Отандастарымыз өздері бекітілген орынға барып дауыс беру керек. Егер жоспарлары өзгеріп жатса, ертең кешкі 6-ға дейін есептен шығару куәлігін алып, кез келген учаскеге барып тіркеле алады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

УКРАИНАДАҒЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ВАРШАВАҒА БАРЫП ДАУЫС БЕРЕДІ

Шет мемлекеттерде 65 сайлау учаскесі ашылған. Сыртта жүрген 11 мыңнан аса отандасымыз сол орындарға барып, дауыс бере алады. Ал Украинада қалып қойған қазақстандықтар болса, олардың Варшаваға барып таңдау жасауына мүмкіндік беріледі. 

Жалғас Әділбаев, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі: