Елімізде Конституция қалай өзгерді

Елімізде Конституция қалай өзгерді
«Қазақстан тарихы» порталы

1995 жылы 30 тамызда Қазақстанда 1993 жылғы Конституция күші жойылып, жаңасы қабылданды. Сол кезде мемлекет президенттік республика, Парламент екі палаталы болды. Бірақ бұнымен өзгерістер бітпеді. Кейін елдің негізгі заңы бес рет толықтырылды. 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің 27 жылдық тарихы бар Конституциясы осымен алтыншы рет өзгертілмек. Алғаш рет Ата заңға түзетулер 1998 жылы, яғни құжат қабылданғаннан кейін 3 жыл өткен соң енгізілді. Ол кезде 19 бап өзгертілді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – Президент үшін жас шектеулері алынып, Мемлекет басшысы өкілетінің мерзімі бес жылдан жеті жылға ұзартылды. Сондай-ақ Парламент екі Палатаға бөлінді: Сенат пен Мәжіліс. Ал Жоғарғы Кеңес таратылды, конституциялық және төрелік сот мүлдем жойылды.

2007 жылы Конституцияны қайта түзету туралы шешім қабылданды. Ең үлкен және маңызды өзгерістер осы жылы енгізілді. Олардың жалпы саны 40-тан асты. Соның ішінде Президенттің басқару мерзімі 5 жылға дейін қысқарды. Парламент депутаттарын сайлау жүйесі өзгерді. Содан бері электорат белгілі бір адамға емес, саяси партияға дауыс береді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясына Мәжіліс пен Сенатқа өз өкілдерін ұсыну құқығы берілді.

2011 жылы ақпанда Конституцияға «президентті кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешімді президент қабылдай алады» деген өзгеріс енді. Дәл осы айда кезектен тыс сайлау өтетіні белгілі болды. Сайлау сәуір айында өтті. Сол жылы «Елбасы» мәртебесі тіркелді.

6 жылдан кейін 2017 жылы құжатқа қайта түзетулер енгізу туралы шешім қабылданды. Барлығы 30 жуық өзгеріс енгізілді. Олардың ішінде, мысалы, президенттік өкілеттіктердің бір бөлігін Үкімет пен Парламентке беру, Қауіпсіздік Кеңесі басты конституциялық органға айналды, ал халықаралық қаржы орталығы қаржы саласында ерекше құқықтық режимге ие болды. Қазіргі Конституция соңғы рет 2019 жылы өзгерді. Ол Астананың атауын өзгертуге қатысты болды.

Ақпанда Конституцияға «президенттікке кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешімді президент қабылдай алады» деген өзгеріс енді. Кезектен тыс сайлау сәуір айында өтті. 2017 Конституцияның 19 бабына өзгеріс енгізілді

Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды бекіте алады, бірақ президенттің келісімінен кейін Үкімет Парламент пен Президентке есеп береді, бұрын тек президентке.

Үкіметтің өкілеті жаңа Мәжіліс құрылғанда тоқтайды, бұрын жаңа президент сайланғанда тоқтайтын. Конституциялық кеңес Президенттің өтінішін қарайды, бұрын тек соттардың өтінішін қарайтын. 2019 Конституцияға енгізілген түзету – астананың атауы бұрынғы Президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.