Қазақстандағы референдум туралы Италия СІМ орынбасары пікір білдірді

Саяси реформалар кез келген мемлекет үшін маңызды, ал оны қабылдауға халықты белсенді араластыру одан да маңызды. Қазақстандағы референдум туралы Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары осындай пікір білдірді.

Манлио Де Стефано, Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Италия Қазақстанмен қарым-қатынасқа әрқашан зор мән беріп келеді. Соңғы 3 жылда екі елдің арасы тіптен жақындай түсті.

Оған дейін экономикалық сипаты басым болса, қазір ортақ саяси байланысқа баса назар аударылып отыр. Саяси реформалардың маңызы әлбетте айрықша, алайда шешім қабылдау үдерісіне халықты қатыстыру - одан да маңызды.