Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс берді

Польша астанасы Варшава қаласында №271 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіде ашылған. Мұнда тек поляк еліндегі қазақстандықтар ғана емес Украинадан да жерлестеріміз келіп дауыс берді.

Аида Қыдырбай, тілші:

- Варшавада ашылған №271 учаскеге бүгін Украинадағы Қазақстан азаматтары да арнайы келіп дауыс беріп жатыр. Мен де өз таңдауымды жасадым. Бұл референдум жырақтағы қазақтар үшін де маңызды сәт, дейді Польша және Украинадағы Қазақстан азаматтары. Мысалы, Украинадағы қазақ кәсіпкері Алтынбек өз таңдауын жасау үшін Киевтен Варшаға мың шақырым аралыққа қарамастан арнайы келген. 

Алтынбек Мустапаев, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі, кәсіпкер:

- Өкінішке орай, Киевте дауыс бере алмағаннан кейін осы Польшаға келдік. Қазір Украина мен Польша арасында көп жүреміз. Украиналық халықтарға көмектесіп жүрген жайымыз бар. Жиырма шақты қазақ келдік. 

- Сіздерге маңызды болғаны ғой?

Шетелдегі қазақтар болсақ та бұл біз үшін өте жылы, жақын, сондықтан бізге өте маңызды. 

Дархан Кәлетаев, Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Өздеріңіз білесіздер, Украинадағы болып жатқан өзгерістерге байланысты біз Украинада сайлау учаскесін ашуға мүмкіншілік болмады. Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша біз сайлау учаскесін ашпадық. Елшіліктегі жұмыс жасап жатқан азаматтар, украинада тұрып жатқан Қазақстан азаматтары сол жиырмаға шақты бүгін Польшаға, Варшава қаласына арнайы келдік дауыс беруге. Бұл біздің азаматтық парызымыз. Польшадағы Қазақстанның елшілігі бізге мүмкіншілік жасап, дауыс беруге толық мүмкіндік болды. Өтіп жатқан оқиға елімізге үлкен жаңалық әкеледі деген сенімдемін.

Бұл референдум әр қазақстандық үшін маңызды. Сыртта жүргендер де бұл маңызды науқанға жауапкершілікпен қарайды.  

Аида Қыдырбай, тілші:

- Екі ел арасындағы уақыт айырмашылығы төрт сағат. Сондықтан Польшада дауыс беру Қазақстан уақыты бойынша түнгі он екіге дейін жалғасады. Варшавадағы №271 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі әрі консул Бекзат Сәбитұлы сайлау барысында өрескел заң бұзушылық тіркелген жоқ, дейді. 

Аида Кыдырбай