Ибрахим Раиси «Саадабад» кешенінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды

Иран Ислам Республикасының Президенті «Саадабад» кешенінде Қазақстан Президентін ресми қарсы алды.

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Бұл туралы БОРТ№1 Телеграм арнасы хабарлады.