Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Tengrinews

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекесімен құттықтады.

«2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін» деп жазды ҚР Президенті.