Қазақстан Ауғанстанға көңіл айтты

ҚР СІМ Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен орасан адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз.

Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз», – делінген мәліметте.

Бұған дейін Ауғанстанда жойқын зілзала болып, салдарынан мыңнан астам адамның опат болғанын хабарлағанбыз.