Қарапайым азаматтардың Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге мүмкіндігі болуы тиіс – Тоқаев

Қарапайым азаматтардың Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге мүмкіндігі болуы тиіс – Тоқаев

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Жиын барысында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа ұсыныстар қарастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық жағдай құбылып тұрған кезде инвестициялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қабілетті қаржы көздерін іздеу өзекті екенін айтты. Президент орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. 2021 жылы орнықты қаржыландыру нарығының көлемі 500 есе ұлғайып, 250 млн доллардан асты. Мемлекет басшысы ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын келесі маңызды міндет ретінде атады. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

«Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек», – деді Мемлекет басшысы.