Түркі мемлекеттері ұйымы қауіпсіздік бойынша ынтымақты арттырады

Түркі мемлекеттері ұйымы қауіпсіздік бойынша ынтымақты арттырады

Түркі мемлекеттері энергетика, көлік, азық-түлік қауіпсіздігі, терроризммен күрес, өңірлік қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты арттырады.

Осы мақсатта Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары кездесті. Жиынға біздің елден Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Қазақстан энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көпвекторлы сыртқы саясатты жүзеге асыратынын атап өтті. Аймақтың қауіпсіздігін сақтау үшін Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіруге және осы елдегі жағдайды тез арада реттеуге ерекше назар аударылды. Кездесу соңында делегациялардың басшыларын Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған қабылдап, жаңа интеграциялық тетіктерді қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті.

Түркия Республикасының Президенті құрлықтағы геосаяси қатерлердің шиеленісуі жағдайында жаңа интеграциялық тетіктерді қалыптастырудың маңызды екенін атап өтіп, Түркі мемлекеттері ұйымының барлық қатысушыларымен арадағы өзара қарым-қатынастың оң қарқынын атап өтті.