Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс заңына өзгерістер енгізілді

Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс заңына өзгерістер енгізілді
Ақорда

Мемлекет басшысы бүгін ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.