Қ.Тоқаев Экология министрі С.Брекешевке сөгіс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ақбөкен популяциясының тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаң салғаны мен мұны қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің қажеті не?» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. Сондай-ақ 80 мың киікті ату мәселесі туралы пікірін білдірді.

«Шынында да киік – қазақ үшін киелі жануар. 80 мың киікті табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру туралы ұсыныс жасалып жатыр. Басқа да әдістер бар көрінеді. Сарапшылармен кеңесіңіз, бұл төтенше шаралар. Бұл шараға да жүгінуге тура келетінін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шыққан шара деп баса айтамын. Біз бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек», - деп қосты Президент.