Президент ОА елдерінің деректер алмасуы үшін онлайн-платформа құруды ұсынды

Президент ОА елдерінің деректер алмасуы үшін онлайн-платформа құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасында архив және зерттеу деректерімен алмасу үшін біріктірілген онлайн-платформа құруды ұсынды.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысқан мемлекет басшысы аталған елдердің Ғылым академиялары арасында тығыз байланыс орнату қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Орталық Азия халықтарының бай тарихи мен мәдени мұрасын дәріптеу-бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді. Ол үшін этногеографиялық және тарихи зерттеулерді, сондай-ақ ғылыми еңбектерді басып шығаруды бірлесіп ұйымдастыру қажет деді.