Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз еліне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз еліне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне жеделхат жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз азаматтарының Ресейдің Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты президент Садыр Жапаровқа, қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына және барша қырғыз халқына көңіл айтты.