Жаңа құрылған облыстардан депутат болуға ең көп үміткер Ұлытаудан тіркелді

Жаңа құрылған облыстардан депутат болуға ең көп үміткер Ұлытаудан тіркелді

Жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында Сенат депутаттары сайланды.

Президент жарлығына сай өткізілген сайлауға кандидат ретінде 14 адам қатысты. Ең көп үміткер Ұлытау облысында тіркелді. Онда екі мандатқа алты адам таласқан. Солардың ішінен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шәйдаров пен Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев басым дауыс жинады. Ал Абай облысында төрт кандидаттың ішінен Бақытжан Баяхметов және Айнұр Арғынбекова көпшіліктің сеніміне ие болды. Олар Семей қаласының әкімі және колледж директоры болып еңбек еткен. Жетісу облысында да төрт адам сайлауға түсті. Дауыс беру нәтижесінде Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев пен  мемлекеттік университетте ұстаздық еткен Амангелді Толамисов жоғарғы заң шығарушы органда жұмыс істеу мүмкіндігін иеленді. Сенат депутаттарын жергілікті мәслихат депутаттары сайлады.

Қахарман Еркінайұлы, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Хаттамалардың барлығы толтырылғаннан кейін орталық сайлау комиссиясына берілетін болады. Олар өз қорытындысын айтады. 

Айта кетейік, аталған Сенат депутаттары енді бір апта ішінде жұмыс орнын босатып, жаңа қызметіне кірісуі тиіс.