Абай облысынан Сенат депутаттары сайланды

Абай облысынан Сенат депутаттары сайланды

Абай облысы атынан Парламент Сенатының депутаты болған азаматтардың да есімі жария етілді.

Өңірден үміткер ретінде 4 адам тіркелген. Дауыс беруге облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың 112 депутаты қатысты. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала жариялаған дауыс беру нәтижесіне сенсек, Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов пен «Қайнар» колледжінің директоры Айнұр Арғынбекова депутат болып сайланған.