Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Ол бұған дейін өз еркімен өтініш жазып қалдырған.

Бүгін пленарлық отырыста палата депутаттары ұсынысқа дауыс беріп қаулы қабылдады. Айта кету керек, Андрей Линник "Ақжол" партиясына  былтыр қаңтар айында қабылданған. Осы уақыт аралығында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде қызмет атқарды.