Қ.Тоқаев Д.Қыдырәліні қабылдады

Моңғолияның Арханғай аймағы Номғон жазығынан табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілетеді.

Мұны Түркі академиясының президенті айтты. Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияда жүргізілген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелеріне және Түркі академиясының жалпы жұмысына жоғары баға берді.

Атап өтейік, Дархан Қыдырәлінің халықаралық академиядағы жұмысы аяқталып жатыр.