Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Ал бұған дейін салалық ведомствоны басқарып келген Асқар Омаров  Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болды. Жарлық Қазақстан Президентінің ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Бабақұмаров «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры лауазымынан босатылды.