Ақтөбе облысының жаңа әкімі алғашқы жиынын өткізді

Ақтөбе облысының жаңа әкімі алғашқы жиынын өткізді

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі орынтағындағы алғашқы жиынын өткізді.

Мемлекеттік органдар басшылары, қала және аудан әкімдеріне бірінші кезекте шешілуге тиіс әлеуметтік-экономикалық мәселелерді атады. Облыста битум жетіспейді, аймақта оның қажеттілігі 70 тоннаға жуық. Ал жолдардың мәселесі кезек күттірмейді. Сол себепті битум зауытының құрылысына инвестор тарту қажет, - деді Ералы Тоғжанов. Облыс әкімі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін екі жылда шешуді міндеттеді. Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов тиімді пайдаланылмаған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын тездетуді тапсырды. Жыл басынан бері облыс бойынша 203 мың гектар жер қайтарылса, тағы 290 мың гектары жыл соңына дейін мемлекет иелігіне өтуге тиіс.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:

- Өңірдің шикізаттық тәуелділігін төмендету, еңбек өнімділігі мен халықың табысын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуіміз қажет. Бұл үшін біз облыстық әлеуметтік-экономикалық даму келешегін стратегиялық тұрғыдан айқындап алуға тиіспіз. Сондықтан 1 ай мерзімде аумақтарды дамыту бағдарламасын өзектендіруді тапсырамын.