Елордада әйелдің саяси көшбасшылығына арналған тренинг өтті

Елордада әйелдің саяси көшбасшылығына арналған тренинг өтті

Әлеуметтік мәселелерді шешуде әйелдің жанашырлығы мен табандылығы қажет. Ол үшін жергілікті және орталық атқарушы билікте қыз келіншектердің қатарын арттыру керек.

«Әйелдердің саяси көшбасшылығы» атты тренингте депутат Жұлдыз Сүлейменова осылай деді. Іс-шара «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде өтті. Бағдарламаға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 300 өтінім түскен. Конкурстық іріктеуден өткен 30 қыз-келіншек бес күн бойы көшбасшылық қырын дамытатын болады.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігі немесе мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын көтеру немесе тұрмысы нашар, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген топтағы балалардың. Мектеп формасымен қамтамасыз етудің барлығы егер жергілдікті билікте, жалпы жоғары орталық мемлекеттік органда әйелдер қарастыратын болса ол нәрсе мүлдем басқаша шешімін табар еді. Әлеуметтік, мәдени мәселелерге әйелдің жанашырлығы мен табандылығы, жалпы әйелдің сол мәселені өз отбасында қалай шешімін көреді дәл сондай шешімді мемлекеттік ждеңгейге ұсыну механизімі бүгінде әлсіз боп тұр.