Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңа премьеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Президент саясаткерге сәттілік тілеп, мемлекетін одан әрі гүлдендіретініне сенім білдірді.

Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді, делінген жеделхатта.