Президентке өрт сөндіру жұмыстары туралы есеп берілді

Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдері өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы Мемлекет басшысына есеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шұғыл жиында әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы және табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарларын бөлісті. Бұл шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы күштердің бөлімшелері жұмылдырылған. Аймақ басшылары өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде баяндап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы да есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.