Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділдік пен теңдікке үлкен мән беріп отыр – сарапшы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділдік пен теңдікке үлкен мән беріп отыр – сарапшы

Бұл Хангук университетінің Орталық Азия кафедрасының оқытушысы, саясаттанушы Чу Ён Миннің пікірі. Сарапшының айтуынша, қазақ елінде көптеген өзгеріс болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чу Ён Мин мемлекет басшысының халыққа жолдауы жаңа Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам деп санайды. Корей сарапшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің экономикалық дамуымен қатар қылмыстық жолмен алынған кірісті қайта бөлуге көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Чу Ен Мин, саясаттанушы:

- Президенттің сөзі – қазіргі билікті сақтауға емес, халық қазіргі билікті қайта бағалауға мүмкіндік беріп, жаңа үкімет және парламентпен шын мәніндегі Жаңа қазақстанды құруға адамдарды шақыратын оның күшті ерік-жігерін білдіреді деп ойлаймын. Сондықтан, нәтижесінде осы Президенттің жолдауы жаңа Қазақстанды құру үшін Қазақстанның демократияның дамуына және әлеуметтік тұрақтылығына және халықтың әл-ауқатына бағыт алған уақытылы тиісті шешімдерді ұсынды деп бағалауға болады деп ойлаймын.