Кезектен тыс сайлау: халық пікірі

Осы күзде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мәжіліс депутаттары осы маңызды саяси науқанға дейін мемлекет басшысының өкілеттілін 7 жылға дейін етіп өзгерту нормасын қабылдауды ұсынған.

Сөйтіп, жаңа сайланған президент тек бір рет қана ел басқарып, мерзімі өткеннен кейін орнын босататын болады. Депутаттардың айтуынша, бұндай өзгеріс мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландырып, елдің тұрақты дамуына септігін тигізеді. Бұл жаңашылдық жайлы ел не дейді? Халықтың пікірін тыңдап көрейік.

- Жеті жылдық мерзімге бір реттік сайлауға толықтай қолдаймын.

- Бір рет жеті жылға сайлауға болатын шығар. Енді қайта-қайта бір Президентті сайлау қажет емес шығар деп ойлаймын.

- 7 жылға сайланса, дым жамандығы жоқ деп ойлаймын.

- Жастарға қатты көңіл бөлініп жатыр. Бұл өте қуанышты. Себебі Жаңа Қазақстанда жастарға орын өте көп.

- Зейнет жасын 61 дегені, бірақ енді 58 болса деген ойым бар. Сонда да 2 жас қысқартып тұр ғой. Қанағат деп тұрмын.

- Жеті жылдың ішінде егер жұмыс жасалса, көп жұмыс бітіруге болады ғой. Содан кейін орнын босату керек. Не керек ол бәрі бір жерде отыра берген. Өссін, балалар өссін. Жолымызды берейік.

- Бес жылдықтан 7 жылдыққа көшсек Президенттер көбірек жұмыс істей алады және бір рет қана сайланатын болса, ол максимум күшін жұмсайды бір уақытта.

- 18 жасқа дейін балаларға қаражат құйып отыру – сол маған ұнады. Өйткені, келер уақытта ол оқуға түскен кезде немесе басқа да уақыттарда оның өміріне керек болуы мүмкін.

- Өйткені қайта-қайта сайлай бергеннен, 7 жылдан кейін орнын басқа біреуге бергені дұрыс.