Рим Папасы: Кедейлерге көмектесуіміз керек

Рим папасы Франциско Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі жер бетіндегі гуманизмді арттырып, жұртшылықты достыққа шақыруда ерекше рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ түрлі дін өкілдерінің басын қосқан жиынның өміршең болуына тілектестігін білдірді. Жалпы съезд барысында сөз алған Рим папасы негізінен Абай Құнанбаевтың философиясына сүйеніп отырып, әлемнің басты проблемаларына тоқталды.

Атап айтсақ, дүниежүзіндегі ең басты мәселе – кедейшілік деді ол. Сол себепті мемлекеттік деңгейде әлсіздерге демеу беру қажет екенін айтты. Сонымен қатар дін өкілдері әлемдегі қақтығыстарды тоқтатып, тұрақтылық үшін жұмыс істеу қажет екеніне тоқталды.

Франциск, Рим Папасы:

– Әлем қазір қару-жараққа қыруар қаржы құйып жатыр. Негізінен бұл ақшаны білімге салу қажет деп есептеймін. Сонда ғана адамзат алға жылжи алады. Әлемдегі ахуал да ушығып тұр. Түрлі қақтығыстардан бөлек, адамгершілік азайып, табиғатқа орасан зиянымызды тигізіп жатырмыз. Дүниежүзіне ортақ диолог қажет. Барлық дін өкілдері осы үшін жұмыс істеуі тиіс.