Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі пленарлық отырысының негізгі кезеңі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның ашылу салтанатына 50 елден 100-ден астам делегация қатысты. Маңызды шараға қатысуға Ватикан мен Рим-Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск арнайы келді. Қазір арна тілшілері тікелей байланысқа шығып ақпар берді. Руслан Бақытбек съезд жұмысының алғашқы бөлімінен ақпар берді.
Юдит Судиловски, «Jerusalem post» тілшісі:
– Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Сіздің мемлекетіңіз осындай ауқымды шараны өте жоғары деңгейде өткізіп жатқанына куәміз. Мұнда әлемнің түкіпір-түкпірінен келген түрлі дін өкілдері бар. Бізге осы жерде жұмыс істеп, материал жазу өте қызықты.
