Конституциялық кеңес шешім қабылдады

Конституциялық кеңес шешім қабылдады

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасында 91-баптың 2 тармағына, нақтырақ айтқанда Конституцияда республика Президентінің бір мәрте 7 жылдық өкілеттік мерзімге белгіленуі және ел астанасы атауының өзгеруі бойынша түзетулер енгізу көзделген. Конституциялық кеңестің пікірінше, президенттік және парламенттік сайлау институты – мемлекеттіліктің маңызды компоненттерін қозғайтын ерекше конституциялық құндылық.