Съезде Израильдің бас Сефард раввині сөз алды

Дін лидерлері төзімділік пен сабырлылықтың үлгісі болу керек. Бұл туралы Израильдің бас Сефард раввині айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол осынау съезді ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ицхақ Иосеф, Израильдің бас сефард раввині:

– Біз Қазақстанда үшінші рет кездесіп отырмыз. Ел Президенті қатысып отырған әлемдік дін лидерлерінің конгресінде Қазақстан үкіметінің ерекше ілтипатын байқауға болады.