Самарқанд саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Шахбаз Шарифке таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге айтарлықтай зардабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені  үшін Қазақстан Президентіне зор ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.