Рим Папасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

Рим Папасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезіне қатысқаннан кейін Рим Папасы Франциск Ватиканға қайтар жолында, тура ұшақ ішінде тілшілердің сауалдарына жауап берді. Қазақстанға сапарынан қандай әсер алды деген сұраққа, Қазақстандықтар өз елін мақтан тұта алады! -деген жауап алдық.

Франциск, Рим Папасы:

- Қазақстанға қайран қалдым. Тәуелсіздіктің 30 жылында қарқынды дамыған еліңіз бен астанаңыз бар екенін білгенмін, бірақ өз көзіммен көргенім үлкен әсер қалдырды. 19 миллион азаматы бар өте үлкен әрі әдемі ел! Елорда – жақсы үйлескен архитектурасы бар заманауи шаһар! Өндірістік, экономикалық пен материалдықтан бөлек, мәдени тұрғыдан да даму қарқынына тәнті болдым. Бұл еліңізді - көреген және діни құндылықтарды бағалайтын адамдарды біріктіретін мемлекет екенін көрсетеді. Қазақстан осымен 7-рет әлемге үндеу жасап отыр және бұл керемет! Сіздер өз еліңізді, отаныңызды мақтан тұта аласыздар!

Халқының басым бөлігі мұсылман Қазақстанда католик шіркеуінің даму деңгейі жөнінде де сұрақ қойылды. Рим Папасы елімізде түрлі дін өкілдері татулықта тұрып жатқанына көңіл аударды. 

Франциск, Рим Папасы:

- Кафедралды собордағы кездесуде жүзі шаттық мен қуанышқа толы католиктерді көргеніме өте риза болдым! Олардың мұсылмандармен қатар бейбіт өмір сүруі - тамаша! Съезге қатысты, бұл релятивизмді күшейтеді деген сын да болды. Бірақ айтарым, ешқандай да релятивизм болған жоқ. Әрбіреуінің өз пікірі болып, өзгенің көзқарасын құрметтеп, ағайындар секілді бір-бірімен сөйлесті. Өйткені диалог болмаса, бұл надандыққа немесе соғысқа әкеледі. Бір-бірімен ауызбіршілікте өмір сүру маңызды. Өз дінімнен бас тартпаймын, бірақ керек болса өзге дінді тыңдаймын. Бұл күндері бәрімізге бас қосып, діннің нағыз ажырамас мағынасын әлемге көрсетудің керемет мүмкіндігі болды.

Қазақстанға сапары барысында Рим Папасы өз сөзінде қазақ халқының түп-тамыры мен дәстүрін атап жүрді.  Понтифик қазақ домбырасының даналығына құрмет білдіріп, ұлы Абайдың сөздерін еске алды. Бұл жөнінде біз дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің басшысы Мигель Ангел Аюсодан сұрадық.

Мигель Ангель Аюсо Гиксот, Дінаралық диалог бойынша папа кеңесінің басшысы

- Осы сапарында Папа Франциск Президентіңізбен бірге әлемде диалогты ілгерілетуге мүмкіндік болғанына өте риза.  Қасым-Жомарт Тоқаев Понтификке домбыра сыйлағанына қатты қуандық. Бұл оған үлкен әсер етті, өйткені домбыра - нағыз асыл дүние. Папа қазақ мәдениетіне қарап, сіздермен диалог жүргізу өте маңызды екенін атады.

Рим Папасы мінген ұшақты Қазақстанның қарулы күштерінің әскери ұшақтары шығарып салды. СУ-30 үлгісіндегі екі ұшақ иллюминаторларынан тіпті ұшқыштардың жүзін көруге болады. Бұл тілшілердің қызығушылығын туғызып, құрметті қарауылдың кәсібилігіне тәнті болды. Ал біз келесі репортаждарымызда бұл сапардың қалай өткені жайлы толық баяндап береміз.

Съездің жабылуында Рим Папасы Франциск ашық, көптеген дін мен мәдениет өкілдері тату тұратын халықты жарқын болашақтың үлгісі деп атады. Әлемдік дін лидерлерінің келесі кездесулеріне тап осы жер, Қазақстан астанасына қайта келуге уәде берді. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жом